Химиялык кубылыстар Биологиялық кубылыстар физикалық кубылыстар​
Ответ
0 (0 оценок)
0
nurisabitbekovna 1 год назад
Светило науки - 35 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратамыз, химиялық реакцияның белгілерін білетін боламыз, химиялық реакцияның басталуы мен жүру жағдайларын оқып-үйренеміз.

Біздің айналамыздағы заттар түрлі өзгерістерге ұшырайды: шалшықтар кебеді немесе қыста қатады, су буланады немесе мұзға айналады, күзде өсімдік жапырақтарының түсі өзгереді (хлорофилл ыдырайды). Заттардың осындай өзгерістерге ұшырауы құбылыстар деп аталады.

Заттардың молекулалары өзгеріске ұшырамайтын құбылыстар физикалық құбылыстарға жатады. Мысалы, су буланғанда молекулааралық байланыс үзіліп, олардың арақашықтығы үлкейгенмен, молекулалар өзгеріске ұшырамайды. Бір заттан екінші бір зат түзілетін құбылыс химиялық құбылыс немесе химиялық реакция деп аталады.

Химиялық құбылыс кезінде реакцияға түскен заттардың құраушы бөлшектері ыдырап, жаңа бөлшектер түзіледі, соған сәйкес жаңа заттар пайда болады. Сутек оттекте жанғанда олардың молекулалары атомдарға ыдырап, қайта топтасады. Нәтижесінде су молекуласы түзіледі.

Жай заттардан күрделі зат алу әдісі синтез (грек. synthesis — қосылу) деп аталады. Көмір жанғанда оттек молекуласындағы атомдар көміртек атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекуласы түзіледі.Химиялық құбылыстар нәтижесінде бір заттан басқа заттар алынады. Мысалы, металл кенінен металдар мен металл құймаларын, минералдардан тыңайтқыштар, көмірсутектер мен олардың туындыларынан синтетикалық талшықтар, бояулар, дәрілер, қопарғыш заттар және көптеген қосылыстар алуға болады. Тірі организмдерде жүретін күрделі биохимиялық процестер де химиялық айналымдармен тікелей байланысты.Металдарды, пластмассаны, шыныны, талшықтарды өңдеп, әртүрлі бұйымдар жасауға болады. Материалдарды өңдеудің көптеген түрлері бар: қалыптау, құю, кесу, біріктіру, желімдеу. Бұлар физикалық құбылыстар. Физикалық және химиялық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты.Денедегі жарақатты сутек асқын тотығымен жуған кездегі құбылысты бәріміз байқадық. Қанап тұрған жараға сутек асқын тотығы тисе, «қайнап» газ бөлінеді. Бұл — химиялық реакцияның белгісі. Біз химиялық реакцияның жүргенін сыртқы белгілері арқылы білеміз. Олар: жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі (кейде жарықтың), түсінің өзгеруі, газ түзілуі, иіс бөлінуі, тұнбаның пайда болуы.

вотттттттттт

Остались вопросы?