Ответ
0
(0 оценок)
1
Үркер. Қазақ дүниетанымындағы танымал шоқжұлдыздың бірі. Оны біреулер алты жұлдыз, біреулер жеті жұлдыз деп атаған. Үркер көне түркілік атау болғандықтан, оның шығу төркініне халықтың дүниетанымындағы аңыздар негіз болған деседі. Яғни Жетіқарақшы мен Үркер жұлдызы жайында кездесетін аңыздардың бірінде Жетіқарақшы Үркердің қызын алып қашады. Содан үркіп қашқандықтан жұлдыздар тобы Үркер атанған екен. Жетіқарақшының жанында тығыла орналасқан бір жұлдыз бар. Ол Үркердің Жетіқарақшы алып қашқан қызы деседі