Аттила туралы мәлімет жазу.
кім біледі?​
Ответ
4 (4 оценки)
5
aitbekaibol27 3 года назад
Светило науки - 417 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Аттила немесе (Еділ қаған) ғұн тайпасының аты аңызға айналған көсемі. Билік еткен жылдары (434-453ж.ж.) Ол Азияны бағындырумен қоса Еуропаның да біраз жерлерін басып алып, өз үстемдігін орнатқан. Соның ішіндегі ең маңыздысы Римдерге қарсы шайқастары. Осылайша Аттила кезінде ғұн тайпасы ерекше гүлденді. Дегенмен, барлығы сол қалпында тұрмады. 453 жылы Аттила белгісіз себеппен қайтыс болып, ғұн тайпасы ыдырап кетті.

Ответ
5 (3 оценки)
3
666mmmm 3 года назад
Светило науки - 99 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Батыс ғұн билеушісі Ругила қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі Аттиланың қолына көшеді. V ғасырда ғұндардың ұлы көсемі Аттила Шығыс Еуропада өз мемлекетін құрды. Аттила қазақ ауыз әдебиетінде Еділ деген атпен белгілі. Ол 400 – 453жылдары өмір сүрген. 434 жылдан бастап мемлекетті інісімен бірге басқарды. Аттила V ғасырдың ортасына қарай Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өз қол астына жинады. Ол басқарған жылдары Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті, елде әскери-демократиялық құрылыс нығайды. 435 жылы Ғұн мемлекеті және Шығыс Рим империясы арасында Маргус келісімшарты жасалды. 445 жылдан бастап Аттила жеке дара билік құрды. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. Оның ерекше жеңістері – Балқан түбегіндегі 70-ке жуық қаланы бағындыру мен Каталаун шайқасы.

Аттила туралы еңбектер VІ ғасырдан бастап жазылып келеді. Византиялық тарихшы Приск: «Ол халықтарды сілкіндіру үшін жаратылды. Бәрін қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді...», – деп жазған. Рим патшасы Ромул: «Басқа елдерді жаулап алғандардың ішінде Аттиладай ұлы істер жасаған ешкім жоқ», – деген. Ал гот тарихшысы В. Иордан: «Ғұндар жеңімпаз қолбасшыларын жартылай құдай ретінде мойындады. Оның даңқы таңғалдыруға лайық», – деп жазған.

Остались вопросы?